Павлодарда тұрғын үйлерге дистанциялық электр энергиясын есептегіш құралдар орнатылады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Павлодардағы 12 мың үй мен пәтердегі бұрынғы электр энергиясын есептегіш құралдар заманауи дистанциялық есептегіштерге ауыстырылады. Бұл туралы «Павлодарэнерго» АҚ-ның бөлім бастығы Асқар Шөмшеков хабарлады.

«Жаңа құралдардың бағасы есептеу типіне байланысты 30-80 мың, алайда есептегіштерді ауыстыру бойынша барлық шығындарды бекітілген инвестициялық бағдарламасының аясында энергия беретін ұйым өтейді», - деп атап өтті А.Шөмшеков.

Ескі есептегіштерге қарағанда, жаңа құралдар бақылаушының жазып алуын күтпей, өзі есептейді, абонентті электр энериясына қосады немесе ажыратады, энергияның пайдаланылуын онлайн режімінде талдайды. Жаңа есептегіш құралдар бірінші кезекте жекеменшік тұрғын үйлерде орнатылады, себебі дәл осы секторда электр энергиясының үлкен шығыны бар.

Электр энергиясының дистанциялық есептелуіне өту Қазақстанда үшінші жыл іске асырылып отырылған энергия ресурстарын есептеу коммерциялық жүйесінің республикалық автоматтандырылған бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Өткен екі жылдың ішінде дистанциялық есептегіш құралдар бес мыңнан астам павлодарлық азаматтың үйінде орнатылды.

Соңғы жаңалықтар