Павлодарда трамвайдағы ХҚО пайда болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында көшпелі Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан трамвай қатынай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Мобильдік халыққа қызмет көрсету орталығы №5 бағдардағы трамвайда орналасқан. Көлікке мінген тұрғындарға мемлекеттік қызметті сол жерде алуға және «Электрондық үкімет» мобильдік азаматтар базасына тіркелуге ұсыныс жасалды. Бұл, электрондық-цифрлық қолтаңбаны қажет етпейтін мемлекеттік 44 қызметті өздігінен алуға мүмкіндік береді.

«Бүгін  мекенжай анықтамасы мен сотталмағандығын растайтын анықтамаларды Egov порталының көмегімен алуға болатынына қарамастан, адамдар көбінесе ХҚО-ларға жүгінеді. Сонымен қатар ЭЦҚ қолдануда қиыншылықтар туындау ықтималдығына байланысты мемлекет бірқатар сервистерді шығарды. Олардың көмегімен мемлекеттік қызметті біржолғы SMS-пароль арқылы алуға болады», - деді Павлодар облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Дәулет Есмағамбетов.

Мамандар трамвай жолаушыларына сондай-ақ мемқызметті Телеграм мессенджері арқылы алуды үйретті. Қосымшада @EgovKzBot порталының арнайы боты жұмыс істейді. Ол арқылы мекенжай анықтамасын смартфон арқылы алуға болады.

Соңғы жаңалықтар