Павлодарда трамвай жүргізушісі вагондардың арасына қысылып қалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Ер адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«6 қазан күні, сағат 14.00 кезінде Павлодардағы Ломов көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында трамвайды жөндеу кезінде 46 жастағы жүргізуші вагондар арасында қысылып қалды», - деп хабарлады тілшілерге Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді, деп толықтырды дереккөз.

Фото: pavon.kz


Соңғы жаңалықтар