Павлодарда «Toyota Land Cruiser» жолаушылар автобусына соғылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында жеңіл көлік жолаушылар автобусына соғылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Анықталғандай, қалалық бағдардағы 22-автобуста жолаушылар болмаған.

«2 ақпан күні сағат 20:20-да Камзин көшесіндегі 307-үйге қарама-қарсы автожолда «Toyota Land Cruiser«-ді басқарған Ресей Федерациясының 62 жастағы азаматы жол жүру ережесін өрескел бұзып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Онда №22 «Ankai« автобусымен соқтығысты. Бағдарлық автобус жолаушыларсыз, автобус паркіндегі ауысымнан келе жатқан», - деді Павлодар облыстық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Жол апаты салдарынан «Toyota Land Cruiser» көлігінің жүргізушісі жарақат алып ауруханаға жеткізілді.

«Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде», - деп атап өтті ПД-дан.


Соңғы жаңалықтар