Павлодарда топырақ құлап, бір адамды басып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда топырақ құлауының салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бірі ауруханаға жатқызылды. Қайғылы оқиға бүгін Лесозавод шағынауданында болды.

ТЖД мәліметтерінше, екі адам Көпеев көшесіндегі жекеменшік тұрғын үйдің ауласында жер қазу жұмыстар жүргізген.

«Жедел кезекшіге хабарлама сағат 10:45-те келіп түсті. Топырақ шұңқырдың ішінде болған ер адамдардың үстіне төгілген. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел-құтқару жасағы барлық қажетті жұмыстарды жүргізіп, адамдарды сыртқа шығарды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінің маманы Айгерім Құсайынова. «Жедел медициналық көмек бригадасы зардап шегушіні ауруханаға жеткізді, екінші адам оқиға орнында қаза тапты».

Соңғы жаңалықтар