Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған 29 жастағы әйел аман қалды

Фото: Фото: Облыстық төтенше жағдайлар департаменті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда 9-қабаттан құлаған әйел ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сенсек, 11 мамыр сағат 14.37 шамасында Павлодар облысы «112» пультіне шұғыл хабар түскен.

Онда Павлодар қаласы академик Бектұров көшесі, 109 мекенжайында оқыс оқиға болғаны айтылған.

Тоғыз қабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен 1993 жылы туған әйел құлап кеткен.

Ол үйге іргелес салынған «Экстрамед» медициналық орталығының төбесіне құлаған.

Құтқарушылар зардап шеккен әйелді ауруханаға жатқызды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД 5 құтқарушы мен бір техника барған.


Соңғы жаңалықтар