Павлодарда тепловоздың астына түскен азамат көз жұмды

None
None
ПАВЛОДАР.ҚазАқпарат – Қайғылы оқиға екінші Павлодар ықшамауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таңғы сағат 08:12-де жедел жәрдем станциясына ер адамның тепловоздың астына түскенін көрген адамдар хабарласты. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеті минутта жетті», - деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мақпал Қаржаубай тілшілерге.

Оның айтуынша, оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеген. Олар денені тепловоздың астынан шығарып алған.

«Жедел жәрдем дәрігерлері биологиялық өлімді тіркеді. Ер азаматтың келбеті - еуропалық, жасы шамамен 40-қа толмаған», - деп толықтырды баспасөз хатшысы.

Қаза тапқан ер адамның денесі тепловоздан жарақат алмаған, сондықтан өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды.


Соңғы жаңалықтар