+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Павлодарда тегін қазақ тілі курстары ашылды

2021 жылғы 15 қазан 07:28
Бөлісіңіз:
Павлодарда тегін қазақ тілі курстары ашылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында барлық санаттағы азаматтарға тегін қазақ тілі курстарының төртінші маусымы басталды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда Мемлекеттік хатшының қатысуымен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайы басталды Елордада «Рухы мықты асыл ер» сайысы мәресіне жетті Депутат шетелдегі қандастарға ана тілін оқыту мәселесі туралы айтты

Курсты ұйымдастырушы облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәліметінше, еліміздегі COVID-19 індетінің таралуына байланысты тыңдаушылар қашықтықтан оқу жүйесіне көшкен. Тыңдаушылар «ZOOM» қосымшасы арқылы курстарға қатысып, бүгінгі күні аталған шаралар жалғасын табуда.

«Курстың мақсаты – қазақ тілінің орфографиялық, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық нормаларын үйрету. Оқыту барысында тыңдаушылар күнделікті өмірде кездесетін қарапайым қарым-қатынас фразаларын қолдануды, қарапайым мәтіндерді аударуды, суретке қарап сөйлемдер құрастыруды, өзінің қайда тұратыны, жұмысы мен өзіне таныс адамдар туралы жай сөйлемдерді құрастыруды үйренетін болады», - дейді басқармада.
Облыстық тіл саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде жылдың соңына дейін қазақ тіліне 440 барлық санаттағы азаматты оқыту жоспарланған.
Курстың соңында тыңдаушыларға сертификат табысталатын болады.
Тегін қазақ тілі курстарына Павлодар қаласы, Ак.Марғұлан көшесі, 115 мекенжай немесе 618488 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT