Павлодарда тауықтың етін сатушылар ымыраласып бағаны көтеріп жіберген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты монополистік қызмет саласындағы бұзушылық фактісі бойынша әкімшілік істі қарастырды.

«Іс материалдарында «Айс Ленд» ЖШС нарықтың басқа субъектісімен бірге тауықтың сан еттерінің бағаларын белгілеу және ұстап тұру бойынша «Бәсекелестік туралы» Заңымен тыйым салынған бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттерді жасағаны анықталды. Нарық субъектілері 2015 жылдың қыркүйегінде сол жылдың тамыз айында сатып алынған көлемнің көтерме бағасын өсіріп, сол арқылы саудалау бағасының өсімін сатып алу бағаларына қайшы еткен», делінген хабарламада.

Сот қаулысымен «Айс Ленд» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда айыпты деп танылып, 73 171 теңге көлеміндегі монополиялық кірісті тәркілеумен бірге мемлекет пайдасына 43 983 теңге көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді.
Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Нарықтың тағы бір субъектісіне қатысты әкімшілік материал әкімшілік соттың қарауында.

Соңғы жаңалықтар