Павлодарда такси жүргізушілердің басым бөлігі салық төлемейді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыстық мәслихат депутаттары жол-патрульдік қызмет өкілдерімен бірлесе Павлодарда  қажетті құжаттарсыз жұмыс істейтін такси жүргізушілерді  анықтау бойынша рейд өткізді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Рейд нәтижелері бойынша қаладағы Тәуелсіздік даңғылында 10 такси жүргізушісінің жетеуінде жеке кәсіпкерлікті айғақтайтын куәлік, патент немесе таксопаркпен жасалған келісімшарт болмаған. Сондай жүргізушінің бірі - «Регион» такспопаркінің өкілі Евгений Шенкевич. Оның сөзіне қарағанда, барлық құжаттары офисте сақтаулы. - Еңбек қарым-қатынастарын рәсімдемей такси қызметін көрсетіп жүрген тұлғалардың санын анықтау мақсатында рейдтік іс-шара өткізудеміз. Сондықтан, мұндай жағдай болашақта қайталанбасы үшін келісімшарттың көшірмесін бірге алып жүруді өтінеміз, - деді жүргізушіге депутат Александр Поляков.

Аталған мәселе Депутат Анатолий Бойчиннің де алаңдаушылығын тудырды.  Мені бұрынғы салық қызметінің өкілі ретінде бұл факт алаңдатады, - дейді Анатолий Бойчин. «Қалай дегенмен, он таксистің жетеуінде қажетті құжаттар жоқ. Бұл аз емес. Мұны шешу жолдарын іздестіреміз. Бүгін ешбір шара қолданбадық, тек жүргізушілерді ақпараттандырдық. Бастысы таксистің кәсіпкер екендігін дәлелдейтін куәлігі, сосын ол салық органдарында тіркелген құжаты болуы керек»,-дейді ол.

 Айта кетейік, жыл соңына дейін қызмет көрсету салаларының барлық түрлеріне осындай рейдтер өткізіледі. 

Соңғы жаңалықтар