USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Павлодарда «Супер келін» анықталды

2021 жылғы 26 қараша 22:58
Бөлісіңіз:
Павлодарда «Супер келін» анықталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ертіс-Баян өңірінде жас келіндер арасында жыл сайынғы «Супер келін – 2021» облыстық байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазА0парат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
18 жыл бойы іздеуде жүрген ер адам Павлодарда ұсталды Павлодар облысында боранға байланысты тағы төрт жол жабылды Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулыны бекітті

Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәлімдеуінше, келіндер додасына жасы 18-ден 29 жасқа дейінгі орамалдылар қатысты.
- Келіндер 4 кезеңнен тұратын байқауға мұқият дайындалды. Оның біріншісі – бейне презентация. Яғни мұнда келіндер өздерін, отбасын таныстыратын болса, екіншісі - келіндер өз қолдарымен әзірлеген ұлттық тағамын ұсынатын болса, үшінші кезеңде қатысушыларға қамыр жайса, соңғы бөлімде өзінің өнерін көрсетіп, шығармашылық қабілетін аша білді, - делінген баспасөз хабарламасында.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Назира Сабыр «Супер келін -2021» атағын жеңіп алды. Ал «Өнерлі келін - 2021» аталымын Дариза Мешітбай иеленсе, «Шебер келін - 2021» аталымында Назерке Бекжанова жеңіске жетті.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен, гүл шоқтарымен және естелік дипломдармен марапатталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT