Павлодарда су жылытқыш өрттің тұтануына себеп болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодардағы Бектұров көшесі, 75-ші үйде бір бөлмелі пәтерде электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан су жылытқыш өртенген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.


Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті. - Өрт шыққаны туралы хабарлама кезекшілік бөліміне сағат 21.30-да келіп түсті, - дейді департаментте. - Өрт сөндірушілер келгенге дейін өздігінен 17 адам сыртқа шыққан. Оның үшеуі – бала. Жоғары қабаттағы пәтерден 1983 жылғы әйел адам ауыр дәрежеде ысты газбен улану диагнозымен № 1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Бұдан басқа, ысты газбен уланған 2007 жылғы қыз бен 2004 жылғы ұл бала облыстық балалар ауруханасының соматика бөлімшесіне жатқызылды. Тілсіз жау сағат 22.14-де ауыздықталып, 22.27-те толығымен сөндірілді.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 12 адам мен үш техника тартылды.



Соңғы жаңалықтар