Павлодарда су басқан үйлердің тұрғындарына құрылыс материалдары беріліп жатыр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда су басқан үйлерге құм, қиыршықтас пен цемент әкеліне бастады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Екінші Павлодарда су басқан үйлерге қалалық мәслихат пен «Нұр Отан» партиясының депутаттары қолұшын созды.

«Бүгінгі күні депутаттар мен кәсіпкерлер 28 профлист, 34 тонна цемент, 1700 кірпіш, 700  келі битум, үш көлік қиыршықтас, 140 тонна құм, 1970  келі шпаклевка, 185 келі эмульсия әкелді», - деді қалалық «Нұр Отан» партиясы төрайымының міндетін атқарушы Әсем Жақұбалдина. - Арнайы техниканы ТҮКШ бөлімі бөлді. Бұдан басқа, жалғызбасты зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға азық-түлігі бар 12 пакет таратылды».

Әсем Жақұбалдинаның айтуынша, тексеріс нәтижесінде ең көп зардап шеккен 14 үй анықталды. Сол себепті көмек бірінші кезекте осы үйлерге көрсетілетін болады. Олардың арасында Алтай, 64/1 мекенжайы бойынша тұратын екі әйелдің үйі бар. Оларға технологиялық колледждің студенттері  келді. - Мен осы үйде 51 жыл тұрып келемін, - деді Людмила Ченодец. - Мұндай мәселеге соңғы үш жылда ғана  тап болып отырмыз. Жертөле суға толып кетті, үйдің іргетасы сумен шайылып қалды, қабырғалардың барлығы жарылып тұр. Өз қолымызбен жөндеу жұмыстарын бастауға күшіміз жоқ және құрылыс материалдарын сатып алуға да қаражат жетпейді. Сондықтан көрсетіп отырған көмек үшін алғысымызды білдіреміз».

Айта кетерлігі,  әзірге  тұрғындардың әуреге салған судың қайдан келгені және құрамы бойынша қорытынды  дайын емес. 

« 17-18 мамыр күндері Екінші Павлодарға келген  едік. Депутаттар, ТҮКШ және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің мамандары кірген арнайы комиссия құрылды. Барлығымыз үйлерді қарап шықтық. Зардап шекен үйлердің басым бөлігінің қабырғалары  жарылып, үйдің ішін ылғал  басқан», - деді қалалық мәслихаттың депутаты Тілеубек Нұрсейітов.

  Еске  сала кетейік, Екінші Павлодарда орналасқан 200-ге жуық жер үйді су  жайлаған. Су «Павлодар жылу желілері» ЖШС немесе «Павлодар су арнасы» ЖШС-нен келуі мүмкін, бірақ  оның нәтижесін сараптама көрсетеді. Сараптама расталған жағдайда аймақта төтенше жағдай режімі жариялануы тиіс. 

Соңғы жаңалықтар