Jańalyqtar
Павлодарда су алып кеткен көшені тазалау жұмыстары жүріп жатыр
2017 жылғы 13 ақпан 00:24
Бөлісіңіз:

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Су алып кеткен П. Васильева көшесін апатпен күрес қызметінің өкілдері тазалауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова: «Құбырына зақым келген үйге су жіберу тоқтатылды. Қазір апатпен күрес қызметінің өкілдері суды құдықтан сорғытуда,-деп хабарлады.
Апат қалалық су арнасы желісінде орын алды. П.Васильева көшесінің басым бөлігін су басты.
Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, бұл аймақта осындай зор көлемдегі проблема алғаш рет болып отыр. Қала билігі төтенше жағдайды жедел түрде ауыздықтауға уәде берді.
Павлодардың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің ақпаратынша, суық су жүретін құбыр жарылған.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Ақмола облысында Түркия азаматы көлігімен локомотивке соғылды
- Павлодар облысының Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
- Ақтөбе облысындағы кеніште болған қайғылы оқиғаның себебі анықталды
- Павлодарда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұзақ мерзімге сотталды
-
Талдықорғанда қоғамдық көлік отқа оранды
-
Алматыда ағаш қоймасынан өрт шықты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER