+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Павлодарда спорт мектебінің шатыры опырыла құлады

2021 жылғы 28 қыркүйек 15:31
Бөлісіңіз:
Павлодарда спорт мектебінің шатыры опырыла құлады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда «Батыр» спорт мектебінің шатыры опырыла құлады. Балалар жедел эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде жеңіл көлік пен трамвай соқтығысты Ақмола облысында жасөспірімді пышақпен қорқытқан 60 жастағы ер адам ұсталды Павлодарда Алаш қайраткерлеріне арналған мурал ашылды

Төтенше жағдай бүгін сағат 10:05-те болған.

Өңірлік туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтың айтуынша, Катаев көшесі, 63/1а мекенжайы бойынша орналасқан «Батыр» БЖСМ бокс залында шатыр құлап түскен.

- Зардап шеккендер жоқ, - деп нақтылады Нұрлан Есембаев. - Залда ешкім болмаған. Таңертең жаттығу болды, шатырдың құлағанын естіген сәтте балалар жедел эвакуацияланды. Мектепте директор мен вахтер болды. Екі еден плитасы құлағаны белгілі. Оның не себепті құлағанын анықтау бойынша комиссия құрылды. Құрамына облыстың ТЖД және МСҚБ қызметкерлері кірді.

Ғимарат 1984 жылы пайдалануға берілген.

Қазір ғимаратты полиция қоршап, анықтау жұмыстары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT