Павлодарда соғыс бітімгерлеріне арналған алғашқы ескерткіш қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда алғашқы соғыс бітімгерлеріне арналған ескерткіш қойылды. Салтанатты шараға жергілікті соғыс және соғыс қақтығыстарының ардагерлері, қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Бітімгер» ескерткіш белгісі «Қазақстанның алғашқы бітімгерлері» саябағында орналасқан. Ескерткіштің авторы - ақсулық жас мүсінші Игорь Исаков.

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Саян Мұқанов орнатылған ескерткіштің, оған қоса, ардагерлердің жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруде атқарып жатқан еңбектерінің маңызды екенін атап өтті.

- Бүгінгі шара бүкіл Қазақстан үшін маңызды болып саналады. Өйткені, бұл еліміздегі өзіміздің күшімізбен салынған алғашқы ескерткіш, - дейді жергілікті соғыс ардагерлері және тәжік-ауған шекараларындағы қақтығысқа қатысушылар одағының төрағасы Геннадий Козак.

Ескерткішті орнату идеясын «жергілікті соғыс ардагерлері және тәжік-ауған шекараларындағы қақтығысқа қатысушылар одағы» қоғамдық бірлестігі мүшелері ұсынған болатын.

- Біз бұны төрт жыл күттік. Екі жыл бұрын бізге саябақтан орын бөліп берді. Осы орында аталмыш ескерткіш орнатылатыны жөнінде жазылған тас қойылды. Содан екі жыл өткеннен кейін мақсатымызға жеттік, - дейді Геннадий Козак.

1993 жылдың шілдесінен 2001 жылдың ақпанына дейін 10 мыңнан астам қазақстандық бітімгерлер ТМД-ның оңтүстік шекараларын қорғады. Қаза болғандар арасында Павлодар облысының үш тұрғыны Қанат Ыдырышев, Амангелді Жұмабеков, Валерий Софроний бар.

 

Соңғы жаңалықтар