Павлодарда шенеунік парамен ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюро Павлодар қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы 1,5 млн теңге көлемінде пара алғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдікті жеке кәсіпкерден жалпы қамқорлық көрсетіп, шоттағы шектеуді алғаны үшін пара алған.

«Оқиға орнын тінту барысында ақша түріндегі пара табылды. Қызметкер өз кінәсін толық мойындауына байланысты қамауға алынған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр. Нақты үкім кінәсі делелденген жағдайда сот залында шығарылады», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюроның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар