Павлодарда сауда үйінен киім ұрлаған тұрғын ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Сауда үйлерінің бірінде киімдер ұрлаған облыс орталығының тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 14.00-де әйел адам ешкім байқамаған сәтті пайдаланып, дүңгіршектердің бірінде жейде ұрлаған. Киімді ұяшыққа салып қойып, бір сағаттан кейін сол сауда үйіндегі басқа дүңгіршектен күртеше ұрлап кеткен.

«Бірақ ол ұрланған заттармен алысқа кете алмады. Күдіктіні сауда орталығының күзет қызметкерлері ұстады. Мұндай іске барған азаматша ешбір жерде жұмыс істемейтіні анықталды», - деді департаментте. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 187- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар