Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қақты

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда самокат теуіп бара жатқан баланы көлік қақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Катаев-Естай көшелерінің қиылысында самокат теуіп бара жатқан баланы көлік қаққаны туралы оқиғаға куә болғандар хабарлады.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан бала жол бойына шыққанын көруге болады.

Жедел жәрдем қызметі шақыру жасалғаннан кейін жеті минутта оқиға орнына жеткен. 12 жасар бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

«Науқастың бас миының жабық жарақаты, бас миының шайқалғаны, басының көгергені, арқасы мен аяғы көгергені және терісінің сыдырылғаны анықталды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы орташа дәрежеде.

Соңғы жаңалықтар