+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Павлодарда салынып жатқан үйге автокран құлап кеткен

2020 жылғы 5 наурыз 18:54
Бөлісіңіз:
Павлодарда салынып жатқан үйге автокран құлап кеткен

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілерде Павлодардағы «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс орталығы жанындағы саябақта салынып жатқан ғимаратқа құлаған жүк кранының видеосы тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазір жағдайды анықтаудамыз. Ең бастысы – зардап шеккендердің бар-жоғын білу», - деп түсінік берді ҚазАқпарат тілшісіне аймақтың бас мемлекеттік еңбек инспекторы Асқар Қапанов.

Әуесқой түсірілім кадрларында құрылысы аяқталмаған үйге көп тонналы жүк техникасының аударылғаны көрсетілген. Қазір еңбек инспекциясы техниканы тізгіндеген жүргізушінің жағдайын анықтап жатыр.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, ешкім зардап шеккен жоқ», - деп атап өтті А.Қапанов.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Павлодар облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT