Павлодарда сәбилер арасында еңбектеуден өткен жарыс жеңімпаздары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодардың Жастар бастамаларын дамыту орталығында сәбилер арасында еңбектеуден өткен чемпионат өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың деректеріне қарағанда, чемпионат «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның аясында жүзеге асырылған. Жас отбасылар арасындағы отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген шараға шамамен 40 өтінім келіп түскен екен. Чемпионат ережесіне сәйкес, жарыс жолына шыққан сәбилердің жас шамасы алты айлықтан бастап бір жарым жасқа дейін болса, ал олардың ата-аналарының жасы 35 жастан аспауы тиіс.

«Бұл жас балақандардың барынша белсенді еңбектей бастайтын кезі саналады. Ең бастысы - сәбиді қызықтыра білу. Барлығы да балаға байланысты, біреулері тез еңбектесе, енді бірі баяу қимылдайды, тағы бірі назарын басқа жаққа аударып жатады. Өте зейінді сәбилер де бар. Олар анасына қарайтын болса, онда тек соған қарап, алға қарай еңбектейді», - деді Жастар бастамаларын дамыту орталығының жетекшісі Әсия Мұқашева.

Чемпионаттың «Алға baby» деп аталған бірінші кезеңінде сәбилер 10 метрлік қашықтыққа еңбектеп жарысқа түсті. Ал ата-аналарға балаларын түрлі ойыншықтарға қызықтырып, алға қарай еңбектеулеріне шабыттандыруға рұқсат берілді. Ал екінші кезең командалық жұмыс саналды. Онда бүкіл отбасы мүшелері бірге еңбектеп, сайысқа түсті. Жарыс қорытындысында үздік танылған сәбилер мен олардың ата-аналарына бағалы сыйлықтар тарту етілді.

null null 

Соңғы жаңалықтар