Павлодарда полицейлер екі келі героинді тәркіледі

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Полицейлер жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде аса ірі көлемдегі есірткі заттарын сатты деген күдікпен облыс орталығының бұрын сотталған 68 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Терри есімді қызметтік иттің көмегімен гаражда орналасқан жасырын жер анықталды. Оны тексеру кезінде ұнтақ салынған екі пакет табылды.

Сараптаманың қорытындылары алынған затты жалпы салмағы екі келіден асатын героин болып шыққанын анықтады.

Қазіргі кезде аса ірі көлемдегі есірткілік заттарды сату мақсатымен заңсыз сақтау фактісі бойынша сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар