Павлодарда пәтер өртеніп, 75 адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда пәтер өртеніп, 3 адам иіс тиіп уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, 1 қаңтар күні сағат 02-11-де өртке қарсы қызметке Павлодар қаласының Ледовский көшесінде он қабатты үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт үйдің бірінші қабатынан шыққан, жалын 12 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 02-43-те ауыздықталып, 03-30-да толықтай сөндірілді.

Өртке қарсы қызмет өкілдері 75 адамды қауіпсіз жерге көшіріп, 3 адамның өмірін сақтап қалды. Өрттің салдарынан 1952, 1976 және 2011 жылы туған үш адам иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді. 2011 жылы туған қыз ауруханаға бара жатып, жолда көз жұмды.

Осы уақытта өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Оқиға орнына Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментіның 25 қызметкері мен 6 техника тартылды.

Соңғы жаңалықтар