05:14, 15 Сәуір 2021 | GMT +6
Павлодарда өзен жағасынан граната табылды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«14 cәуірде сағат 19:30 шамасында полицияға Усолка өзенінен гранатаға ұқсас заттың табылғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына Павлодар облысы ПД жару-техникалық тобының қызметкерлері департаменттің кинологиялық қызметінің қызметкерлерімен бірге келді. Тексеруден кейін граната арнайы капсулаға орналастырылды, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Полиция қызметкерлері қала тұрғыны бұл затты балық аулау кезінде тауып алғанын анықтады. Аталмыш факт тіркеліп, сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіледі. Табылған зат қауіп төндірмейді.