Павлодарда Өзбекстанның 42 азаматын заңсыз жалдаған кәсіпкерге айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері Өзбекстан Республикасының 42 азаматын қаланың бір сауда үйінің дүңгіршегінде жүк тиеуші ретінде жұмысқа жалдаған жеке кәсіпкерді анықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«ҚР азаматшасының шетелдіктерді еңбекке тарту үшін жергілікті атқару органының рұқсаты болмаған. Аталмыш факті бойынша әйел адам ҚР ӘҚБК 519-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 126 250 теңге сомасында айыппұл салынды»,- дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Рейд барысында облыс аумағында Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған 353 шетел азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сотқа 125 әкімшілік материал жолданды. Оларды қарау нәтижелері бойынша ТМД елдерінің 24 азаматына қатысты елден шығару жөнінде шешім қабылданды. Біздің елде болу ережесін бұзғандары үшін жақын шет елден келген 275 азаматқа Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі қысқартылды. Шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 15 жайт анықталды. Шетелдіктермен Қазақстан Республикасында болу ережесін сақтауды қамтамасыз етпегендері үшін ҚР ӘҚБК 519-бабына сәйкес ҚР 71 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар