Павлодарда өткен облыстық ақындар айтысында Баянауыл ауылының 7-сынып оқушысы жеңімпаз атанды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Баянауыл ауылының 7-сынып оқушысы Азамат Базарбай «Бір ел - бір тағдыр» облыстық ақындар байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Оның мектептегі досы, 9-сынып оқушысы Азамат Арғынбай арнайы кубокпен марапатталды. Өлең сайысына 10-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан.

«Балалар суырып салма ақын, жазушы, тілші, жылнамашы Қимадиден Нығымановтың шығармашылығын, өмірлік жолын жақсы білетінін танытты. Айтыс өнері - суырып салма өнерінің шыңы. Егемен Қазақстанның тәуелсіздігін жырға қосқан қатысушылар өскелең ұрпақты ұлттық игілікті бағалап, ел тарихын, әдебиетін, мәдениетін білуге шақырды», - деп атап өтті қазылар алқасының мүшесі Социал Айткенов.

Байқау он балдық жүйемен бағаланған - айтыскерлердің білімі, олардың тақырыпты аша білуі, көркем сөзді қолдану және суырып салма өнері есепке алынып, сондай-ақ сахнада өзін-өзі ұстау мәдениетіне назар аударылды.

Соңғы жаңалықтар