Павлодарда өртенген үйден 58 жастағы әйелдің денесі табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында өрт шыққан үйден 58 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 қазан күні 10.37 кезінде 101 пультіне Костылецкий, 32 мекенжайындағы жер үй өртеніп жатқаны жайлы хабар түскен.

Бес бөлмелі кірпіш үйдің ішінде ағаш конструкция жанып, опырылып, үйдегі 120 шарш метр аумақта тұрмыстық заттар, техника, жиһаз отқа оранған.

Оқиға орнына жедел жеткен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері ең әуелі 1960 жылы туған үй иесін сыртқа шығарған.

Оған апаттық медицина бригадасының дәрігерлері алғашқы медицицналық көмек көрсетті. Үй иесі ауруханаға жатудан бас тартты.

Өрт сөндірушілер асүйден денесінің біршама бөлігін күйік шалған 1963 жылы туған әйелдің денесін тапты.

Қызыл жалын бүгін сағат 11.54 шамасында толық сөндірілді. Тілсіз жаудың себебі - электр сымының қысқа тұйықталуы. Келген шығын есептеліп жатыр.

Оқиға орнында жеке құрамнан 23 адам және 7 техника жұмыс істеді.



Соңғы жаңалықтар