Павлодарда өртенген пәтерден 62 жастағы ер адамның мәйіті табылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодардағы көпқабатты үйден шыққан екі өртті сөндірген құтқарушылар ересектер мен балаларды эвакуациялауға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22 қараша күні сағат 09.23 кезінде Естай көшесі, 134 мекенжайынан хабарлама келіп түскен. Он қабатты үйдің тоғызыншы қабатындағы 283-пәтер өртенген.
«Өрт сөндірушілер пәтерден 1977 жылы туған ер адамды құтқарып, ол бірінші қалалық ауруханаға ауырлығы орташа жану өнімдерімен өткір ингаляциялық улану, алкогольдік мас болу диагнозымен жатқызылды» деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, 23 қараша сағат 07.05 шамасында Павлодар қаласы Марғұлан көшесі, 99 мекенжайындағы тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты.
Жетінші қабаттағы пәтерде он екі шаршы метр алаңда өрт болған.
Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен подъезден бес адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды. Өрт орнынан 1958 жылы туған пәтер иесінің жанып кеткен мәйіті табылған.
- Алматыдан 376 шақырым қашықтықта жер сілкінді
- Қарағандыда тұрғын үйде шыққан өрттен 14 адам құтқарылды
- Солтүстік Қазақстанда КВИ жұқтырғандар бір аптаның ішінде 36 пайызға артты
- Оралда шоқыну мейрамында ойықтан су алуға келген 78 жастағы қария көз жұмды
-
Рудный қаласында түрмеден қашқан екі қылмыскер ұсталды
-
Қостанай облысында мемлекеттік шекарада 4 санитарлық бекет жұмыс істеп тұр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам