Павлодарда өртенген мектеп оқушысы ауруханаға түсті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодардағы бүгін өртенген №28 мектеп оқушысы медициналық көмекке жүгінді. Оқушы аурухананың соматикалық бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстық балалар ауруханасына сағат 19:28-де 8 «в» сынып оқушысы түсті. Ол 2007 жылы туған, №28 мектепте оқиды және өрт шыққан кезде сабақта болған. Эвакуациядан кейін үйіне қайтқан. Сосын ауруханаға процедураға барып, қайтадан үйіне барған кезде басы ауыратынын сезінген», - дейді Павлодар қалалық білім бөлімінен.

Білім бөлімінің мәліметіне сәйкес, ата-анасы жедел жәрдем шақыртқан. Қыз бала аурухананың соматикалық бөліміне жатқызылды. Қазір оның денсаулығы бір қалыпты.

Еске салсақ, Павлодарда мектептің 200 шаршы метр аумағы өртеніп кетті.

Өрт шыққан мектепте мұғалім зардап шекті. Өрт аумағы 6 есеге өсті .

Павлодардағы өрттен кейін Білім министрлігі барлық мектептерді тексереді .



Соңғы жаңалықтар