Павлодарда өрт сөндірушілер әйелді аман алып қалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарлық өрт сөндірушілер қамыстан жасалған үйдің төбесінде болған өртті сөндіру кезінде қозғала алмайтын әйелді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төртінші ақпан күні сағат 01:11-де 112 қызметінің диспетчерінен Павлодардың №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің пультіне Хромзавод көшесіндегі 5-оралымда жер үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. 01:17-де оқиға орнына келгенде жалпы ауданы 60 шаршы метр үйдің шатыры ашық жанып жатқаны анықталды», - деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖ департаментінің Сыртқы және ішкі коммуникация тобы.

Өрт сөндірушілер жалынды екі автоцистернамен өшірді. Операцияны өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, аға лейтенант Гросс басқарды.

«Зардап шеккендерді анықтау мақсатында үйге барлау жүргізуге тапсырма берілді. Құтқару шараларын жүргізу барысында бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Балтабаев үйден өздігінен шыға алмаған әйелді тауып алды. Өрт сөндіруші оны дереу көтеріп алып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», - деді ТЖД-да.

Өрт 01: 35-те оқшауланып, 02: 03-де толығымен өшірілді.

«Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында адам өлімі орын алған жоқ, сондай-ақ тілсіз жаудың жақын маңдағы үйлерге таралуына жол берілмеді. Өрт орнына үш арнайы техника шықты», - деп атап өтті департаментте.


Соңғы жаңалықтар