Павлодарда өрт сөндіруші отқа оранған үйден газ баллонын алып шықты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда өрт сөндіруші жанып жатқан бір қабатты үйден газ баллонын алып шықты. Оқиға қалалық «Энтузиаст» бау-бақша шаруашылығында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«№3 өрт сөндіру бөлімшесінің құтқарушысы 27 литрлік газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді.

Өрт Павлодар қаласының «Энтузиаст» бау-бақша шаруашылығында орын алған», - деп мәлімдеді Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«101» пультіне өрт туралы хабар 21:35-те келіп түскен. Кірпіштен тұрғызылған бір қабатты үйдің ағаш құрылмалары 80 шаршы метр ауданда жанып жатқан, деп нақтылады Төтенше жағдайлар департаментінен.






Соңғы жаңалықтар