Павлодарда өрт сөндіру көлігінің өтуіне кедергі келтіретін заттарды алып тастауда

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері тұрғындар қоршап қойған аулаларды, ғимараттар мен құрылыстарға кіреберістерді тазалап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы, мемлекеттік өрт бақылау басқармасы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, ғимараттар мен құрылыстарға өрт сөндіру техникасының өтпе жолдарын қамтамасыз ету бойынша рейдтер өткізді», – деп хабарлады өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша ғимараттарға, құрылыстарға, ашық қоймаларға, сыртқы өрт сатыларына және өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне жолдар, өтпе жолдар мен кіреберістер жарамды күйде ұсталады және өрт техникасының өтуі үшін қолжетімді болады, ал қыста қардан тазартылады.

«Өрт сөндіру техникасының өтуіне кедергі келтіретіндіктен, ғимараттар мен құрылыстарға кіреберістерде, сондай-ақ өрт гидранттары құдықтарының үстіне автокөлікті қоюға болмайды», – деп еске салды Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.


Соңғы жаңалықтар