Павлодарда он қабатты үйде бірнеше пәтер өртеніп, 49 адам эвакуацияланды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында пәтерлері өртеніп жатқан үйде тұратын әйел медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«11 мамыр күні сағат 02.57-де Павлодар қаласының Сибирская, 85 мекенжайында орналасқан он қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы бір бөлмелі үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, сол пәтердің балконындағы үй заттары, терезенің ағаш жақтауы, ал бөлмесінде – үй заттары мен жиһаз өртеніп жатқан. Іргелес жатқан үш бөлмелі пәтердің балконындағы ағаш жақтау күйген» деп хабарлады тілшілерге Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент мәліметінше, одан жоғары орналасқан алтыншы қабаттағы екі пәтер терезелерінің ағаш жақтаулары мен үй заттары өртенген.

Өрттің жалпы ауданы - 11,5 шаршы метр. Өрт сөндірушілер келгенше бұл кіреберістен 49 адам, соның ішінде 11 бала өз бетінше эвакуацияланды.

«Апаттар медицинасы қызметіне демікпе диагнозымен 1967 жылы туған әйел келіп, көмек сұраған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - деп қосып өтті департаменттен.

Өрт сағат 03.37-де сөндірілді. Оқиғаның себебі мен келген шығын анықталып жатыр.

Оқиға орнына ТЖ департаменті жеке құрамының 26 қызметкері мен жеті техника, апаттар медицинасы орталығы, 102 қызметкерлері шыққан.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.



Соңғы жаңалықтар