Павлодарда оқушыларды тестке ақша жинауға мәжбүрлеген

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде оқушылардың ата-аналары балалардың білімін мәжбүрлі түрде ақылы тестілеу фактілері туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздегі бірқатар өңірлерде, соның ішінде Ертіс аймағында коммерциялық ұйымдардың ақылы тестілеуін өткізу үшін қаражатты мәжбүрлі жинауға жол беретін мектеп әкімшіліктері ата-аналарды  жаңылыстырып, мемлекет аппаратының имиджіне нұқсан келтіруде. Сонымен қатар, «Білім беру туралы» Заңға сәйкес, білім алушылар мен тәрбиеленушілер тегін сапалы білім алуға құқылы», - деп хабарлады Павлодар облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті.

Білім беру ұйымдарында тек қосымша білім беру қызметтеріне, өз бейімділіктері мен қажеттіліктері үшін төлеу қажет. Оның ішіне ақылы тестілеу кірмейді, деп хабарлады ведомствода.

«Егер ата-аналар мәжбүрлі ақылы тестілеу фактілеріне тап болса, біздің департаментке 8 747 404 1424 нөмірі бойынша WhatsApp-желісіне немесе мына мекенжайға хабарласуларына болады: Павлодар, Жеңіс алаңы, 5А, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы, 4 қабат, 407 кабинет», - деп атап өтті департамент. 

Соңғы жаңалықтар