Павлодарда оқушылар зардап шеккен жол апатына ТЖД түсінік берді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мектеп автобусы мен өрт сөндіру көлігінің соқтығысуына қатысты оқиғаға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 14:02-де «101» нөміріне Шығыс өнеркәсіп аймағы көшесі, 905 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Жеке тұрған темір-бетон гаражында 20 шаршы метр аумақты қамтитын жиһаздар, үй заттары өртенген», - деп хабарлады Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Өрт 15:45-те ауыздықталды. Оқиға орнында жеке құрамның 18 адамы және 7 техника жұмыс істеді, деді ведомстводан.

Павлодардың Шығыс өнеркәсіп аймағы №4 өрт сөндіру бөліміне жақын орналасқан, сондықтан оқиға орнына осы бөлімдегі күштер жіберілді. КамАЗ базасындағы 5 тонналық және 8 тонналық автоцистерналар оқиға орнына дереу шықты.

«Щедрин-Елгин көшелерінің қиылысында шақыру жолында № 43 жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларын тасымалдайтын ПАЗ автобусымен 8 тонналық өрт автоцистернасы соқтығысты.

Автоцистерна Елгин көшесі бойымен келе жатып көк немесе қызыл түсті жарқылдауық маягын және арнайы дыбыс сигналын іске қосқан. Өрт сөндіру көлігі бағдаршамның қызыл түсі жанғанда жүріп келе жатқан. Щедрин көшесіндегі ПАЗ автобусы оған жол берместен қозғалысын жалғастырып, өрт сөндіру көлігін соққан. Осы уақытта автобуста орта жалпы білім беру мектебінің оқушылары болған. Автобуста жалпы 8 адам отырды. Барлық оқушылар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», - деді ТЖД-дан.

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр, деді құтқарушылар.

Павлодарда өрт сөндіру көлігі мен мектеп автобусы соқтығысқаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар