+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Павлодарда нанның қымбаттауына қатысты АШМ жауапты хатшысы пікір білдірді

2019 жылғы 16 қазан 14:06
Бөлісіңіз:
Павлодарда нанның қымбаттауына қатысты АШМ жауапты хатшысы пікір білдірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Марат Оразаев Павлодарда нанның қымбаттауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында нан бағасын тұрақтандыруға қосымша қаржы бөлінді СҚО-да нан қымбаттамас үшін шаруашылықта наубайханаларды іске қосу керек - әкім Ақтөбеде нан өндірушілер бағаны өзара келісіммен көтерген болуы мүмкін

«Павлодарда нан қымбаттағаны туралы факті таңертең анықталды. Онымен министрлік айналысады. Бірақ Қазақстанда әлеуметтік нанның бағасы өзгермейді. Бүгінде республика бойынша нанның орташа бағасы – 76,1 теңге. Бірақ әр өңірде әртүрлі баға, өйткені шикізат жеткізуге кететін шығындар есептеледі. Ең төменгі баға – Солтүстік Қазақстанда», - деді ол Алматыда алғаш рет тойланған Нан күні мерекесінде.

Марат Оразаевтың айтуынша, қорда былтырғы өнімнен қалған 5,1 миллион тонна астық бар.

Бұған дейін министрлік өкілдері әлеуметтік нанның бағасы өзгермейді деп сендірген болатын.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Павлодарда әлеуметтік нанның бағасы 85 теңгеден 105 теңгеге көтерілді деген ақпарат пайда болғаннан кейін, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен қала әкімдігі арнайы мониторинг жүргізген.

Авторы Еламан Тұрысбеков

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT