Павлодарда мұнайды заңсыз тасымалдап сатқандар сотталды

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысында мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдау, сату фактілері анықталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысында 15 көтерме жеткізушіден 610 миллион теңгеден астам сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркалы бензин сатып алу фактісі анықталды, ол кейіннен белгісіз тұлғаларға «Унгефуг» ЖШС-дан құжаттарсыз сатылған.

Дәл осы ЖШС құжатсыз жалпы сомасы 550 миллион теңгеден астам жалпы көлемі 2,4 мың тонна дизель отынын сатқан.

Сот Шұғатаев Ж.С. 6 жылға, Унгефуг С.Г. 4 жыл 6 айға, Шамиев Е.Х. 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға, 3 көлік пен 3 жартылай жүк тіркемелерін тәркілеуге үкім шығарды.



Соңғы жаңалықтар