+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Павлодарда мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан зиялы қауым өкілдері марапатталды

2020 жылғы 27 қыркүйек 19:00
Бөлісіңіз:
Павлодарда мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан зиялы қауым өкілдері марапатталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ардагерлер үйінде облыстың зиялы қауым өкілдері және тіл жанашырларымен мерекелік кездесу өтті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты конгресс  өтті Баланың танымын қалыптастыратын мультфильмдердің бәрі қазақ тілінде болуы тиіс – Елизавета Седышева Қазақтың сөз құдіреті ұлттық классикалық әндердің мәтінінде жатыр – Денис Яковлев

Бұл туралы Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мәлім етті.
- 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Елімізде жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі. Осы орайда мереке қарсаңында басқармамыз облыстың зиялы қауым өкілдері және тіл жанашырларымен мерекелік кездесу ұйымдастырды, - деді басқармада.

Аталған шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы мен мүшелері, облыстық ардагерлер кеңесінің, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы бойынша филиалының және «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің, сондай-ақ жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауындағы қазақ тілінің ұлтаралық қатыныс тілі ретінде қалыптасу бағытындағы міндеттерді анықтау, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау және жаңғырту бойынша мәселелер талқыланды, - деді басқармада.


Кездесу соңында мемлекеттік тілдің дамуына зор жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен сусындатып, достық пен бірлікті нығайтуға, Қазақстанның болашағы жолында атқарып жатқан елеулі еңбегі үшін жергілікті зиялы қауым өкілдері басқарма тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT