Павлодарда мектептен 485 адам эвакуацияланды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  Павлодардағы № 1 жалпы орта білім беру мектебінде орын алған өртті жою бойынша практикалық оқу-жаттығу өтті.

Шараны қалалық төтенше жағдайлар басқармасы жедел-құтқару жасағының жедел қызметтерімен бірге адамдар көп жиналатын ғимаратта ұйымдастырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 «Кіші және жоғары сынып оқушылары, қызметкерлер сыртқа шығарылды. Өрт сөндіру қызметі шартты түрде мектептегі өртті сөндірді. Оттың таралуын болдырмау мақсатында жапсарлас үй-жайларды қорғауға оқпандар берілді»,- дейді қалалық ТЖБ-ның инженері Аяжан Жасұланов.

null  Сонымен қатар өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері адамдарды іздеу және құтқару шараларын жүзеге асырды. Іздеу барысында үш оқушы табылған. Құтқару операциясы кезінде жедел-құтқару жасағының қызметкерлері альпинистік жабдықтардың көмегімен ғимараттың үшінші қабатынан мектеп ғимаратында қалған оқушыларды эвакуациялады.  Автоматты өрт дабылынан облыстық ТЖД Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне хабарлама түсті. Бұл департамент қызметкерлеріне келіп түскен шақыруларға жедел әрекет етуге және өртті ерте анықтау мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің «112» қызметімен өзара іс-қимылын тексеруге мүмкіндік берді.

Аталмыш акцияның мақсаты - оқытушылар құрамы мен техникалық қызметкерлерді шұғыл жағдайларда іс-қимыл жасауға үйрету.  Бұл күні өрт сөндірушілер ұлдар мен қыздарға өрт сөндірушінің жұмыс ерекшеліктері, тыныс алу органдарын қорғау құралдары және арнайы қорғау костюмдері туралы айтылды. Арнайы техника мен жабдықтар көрмесін ұйымдастырды. Өрт сөндірушінің киімін киіп, өрт сөндіру автокөліктерінің рөліне отыруға мүмкіндік берді. 

Соңғы жаңалықтар