Павлодарда мектепке «жарылғыш зат қойған» оқушы ұсталды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодарда мектепке «жарылғыш зат қойған» оқушы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

«21 қыркүйек күні жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Ақсу қаласы Пограничник кентінің Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі оқушысын анықтады. 14 жасар жасөспірім бүгін сағат 11:55-те террорлық акті туралы көрінеу жалған хабарлама түсірді деген күдікпен ұсталды. Оның сыныптастарымен бәс тіккені белгілі болды. Кінәсін мойындады. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Жасөспірім заңды өкілдерінің кепілгерлігімен жіберілді. Полиция департаменті террорлық акті туралы көрінеу жалған хабарлама тарату жауапкершілігі 14 жастан басталатынын ескертеді», - дейді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Еске салсақ, бүгін Павлодарда «Академик Шөкин көшесі, 27 үй мекенжайында орналасқан Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде террористер бар» деген қоңырау түскен . Оқиға орнынан 1 048 оқушы мен 83 қызметкер эвакуацияланды. Жарылғыш зат табылған жоқ.


Соңғы жаңалықтар