Павлодарда медбике коронавирус вакцинасын өтірік салып, қызметіне ақша алған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарлық медбике COVID-19-ға қарсы вакцинаны өтірік жасап келді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Polisia.kz ақпараттық медиа порталының мәліметінше, полиция қызметкерлері Павлодар қаласындағы емханалардың бірінде жұмыс істейтін медбике коронавирус инфекциясына қарсы тұрғындарға вакцина жасау қызметін атқарған. Ол сондай-ақ азаматтарға екпіне өтірік жасап, сол үшін олардан бірнеше мәрте ақша алған. Күдікті алған ақшаның жалпы сомасы 160 мың теңгені құрайды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 247-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Павлодар қаласында медициналық қызметкерлер вакциналаудың жалған төлқұжаттарын жасады деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік. Емхананың меңгерушісі, жалпы тәжірибе дәрігері, сондай-ақ екі мейірбике адамдарды белгілі бір сомаға вакцина алғандар туралы мәліметтер базасына тіркеп отырған.


Соңғы жаңалықтар