Павлодарда Мәжіліс депутаттары футбол жаттықтырушыларымен жүздесті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Ертіс» ФК баспасөз қызметі хабарлағандай, Мәжіліс депутаттары Магеррам Магеррамов пен Наринэ Микаэлян өскелең ұрпақты салауатты өмір сүру салтына баулу ісінде балалар футболын дамыту ерекше маңызға ие екендігін атап өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz «Ертіс» ФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Футболды ауылдық жерлерде дамыту үшін қаражат бөлу керек. Ауылда футбол ойнаймын, кәсіпқой футболшы боламын дейтін дарынды балалар жетеді. Алайда олар қалаларға барып жаттыға алмайды. Сондықтан жергіілікті жерлерде спорт кешендерін салу маңызды»,- дейді Наринэ Микаэлян.

Өз кезегінде Магеррам Магеррамов футбол орталықтары мен академияларда жұмыс істейтін жаттықтырушылардың біліктілігін үнемі арттыруды естен шығармау керектігіне баса назар аударды.

«Ертіс» футбол орталығының басшысы Вячеслав Казаковтың айтуынша, балалардың жаттығуларына қажет жағдай жақсаруда.

«Биылдан бастап шәкірттеріміз жылы манежде жаттығуға мүмкіндік алды», - дейді Вячеслав Казаков. «Балаларға қолайлы жағдай жасалды. Нәтижелеріміз де соған сәйкес болады деп сенеміз. Былтыр алты жас санаттарындағы төрт командаларымыз Қазақстан чемпионатарының жүлдегерлері атанды, біреуі тіпті чемпион болды».

Соңғы жаңалықтар