Павлодарда Майра Шамсутдинованың ескерткіш-мүсіні орнатылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Усоль шағын ауданында ұлттық музыка өнерінің көрнекті өкілі, белгілі композитор Майра Шамсутдинованың мүсіні қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қолында сырнай аспабын ұстаған Майра Шамсутдинованың мүсіні таза қоладан құйылған. Ескерткіштің биіктігі - 3,5 метр, ал салмағы - 270 кг. Туындының авторы белгілі мүсінші Азат Баярлин болды. Ал жобаға тапсырыс берген - Павлодардың құрметті азаматы Қуат Есімханов.

«Павлодар өлкесін дүйім жұртқа танытқан Майра ұмыт бола бастады. Кезінде әйел адамдар сахнаға шығудан жасқанған шақта Майра халыққа алғашқы болып өнерін паш етті. Әншіні біздің елден гөрі, батыста көбірек танып жатады. Мұндай қателіктің орнын толтыру керек», - деді меценат.

Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, қаланың құрметті азаматтары мен Астана және Алматы қалаларынан келген қонақтар қатысты.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар