Павлодарда мас жүргізуші ескерткішке соғылған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда мас жүргізуші тұз өндірушілер ескерткішіне соғылған. Жол-көлік оқиғасына кінәлі тұлға анықталып, көлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлерімен ескерткішке тексеру жүргізіліп, оқиға орнына полиция басқармасының қызметкерлері шақырылды.
- Тексеріс барысында сыртқы әсер ету фактілері тіркеліп, керамикалық плиталардың сынғаны және ескерткіш жанындағы аумақтың бүлінгені анықталды. Аталмыш учаскеде жол-көлік оқиғасы орын алғаны анықталды. Автокөлік жүргізушісі мас күйінде көлік құралын басқара алмай, ескерткішке келіп соғылған, - деп жазды қала әкімі Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.

Жақын арада коммуналдық қызметтермен ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.
Соңғы жаңалықтар