Павлодарда мас жігіт Ертісті жүзіп өтемін деп суға кете жаздады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының қайта құрылған су полициясы экипажы дұрыс шешім қабылдап, адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға туралы Павлодар облыстық ІІД-нің әлеуметтік желідегі парақшасында жазылған.

«Ішкі істер департаменті қызметкерлері полицейлік катермен Ертіс өзенін патрульдеу кезінде суға батып бара жатқан адамды көреді. Жағдайды жедел бағалап, полицейлер көмекке асығып, 23 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын судан алып шықты. Мас күйінде, киіммен, арқасында рюкзагы бар ер азамат мүмкіндігін ескермей, Ертіс өзенінен жүзіп өтпекші болған», - делінген хабарламада.

nullТуыстары полицейлер экипажының көмегіне алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар