Павлодарда мас болып суға түскен 30 жастағы жігіт Ертіс өзеніне батып кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында сүңгуірлер суға кеткен 30 жастағы жігіттің денесін іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, 1991 жылы туған ер адам Павлодар ауылынан 1 шақырым жерде, Ертіс өзенінің бір саласында суға кеткен.

Ол 8 тамыз күні шамамен сағат 18.00 кезінде суға түсуге тыйым салынған жерде шомылып жүріп, өзенге батып кеткен.

Ведомствоның мәліметіне сенсек, марқұмның жанында досы болған. Екеуі бірге спирттік ішімдік ішкен.

Қазіргі уақытта павлодарлық сүңгуірлер өзеннің түбінен жігіттің денесін іздеп жатыр.

Осыған байланысты облыс құтқарушылары халықты суға түсуге тыйым салынған жерде шомылмауға, суда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар