Павлодарда мас адам трассадағы ағылып жатқан көліктің астына түспек болған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Айықтырғышқа жеткізілген мас ер адам өз әрекетін түсіндіріп бере алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«26 қаңтарда Павлодар қаласының полициясына Кенжекөл ауылының жанында мас ер адамның жолда өтіп бара жатқан көліктерді астына түспек болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті», - деп баяндады Павлодар облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Оның айтуынша, оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері ер адамның жолдағы көліктердің алдынан қарсы жүгіріп шыққанын, олардың қозғалысына кедергі келтіріп, өзінің, өзгелердің өмірін қатерге тіккенін көрген.

«Ер адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Мұнда өткізілген медициналық тексеру азаматтың орташа деңгейде ішімдікке мас болғанын көрсетті», - деп атап өтті полиция департаментінен.

Ер адамға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды. Жыл басынан бері полицейлер қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 220 адамды анықтады.




Соңғы жаңалықтар