Павлодарда «Мәртебелі тіл - мәңгілік ел» атты дөңгелек үстел өтті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде «Мәртебелі тіл - мәңгілік ел» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жиынға облыстың этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының мүшелері, тіл жанашырлары, мемлекеттік тілді жетік меңгерген облыстың этнос жастары, республикалық конкурстардың жеңімпаздары мен латынша диктантты үздік жазғандар шақырылды. Отырыстың күн тәртібінде өңірдегі тіл саясатының жүзеге асырылуы мен қол жеткізген маңызды жетістіктері, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы мен оны одан әрі халық арасында насихаттау жолдары талқыланып, тілдің бүгінгісі мен келешегі жайында терең ой-пікірлер тілге тиек етілді. Аталған шарада Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Сәуле Османова, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Сейсембай Жетпісбаев, «Ана тілі» орталығы» ЖШС-нің директоры Шолпан Кинжикова 2018 жылы бірлесе атқарылған маңызды іс-шараларға тоқталды.

 Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейі, өнер бөлімінің басшысы Бахатхан Оразбек және Жұмекен Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауының 2-орын иегері Айбек Оралқанов сөз алып, жастар атынан тіл болашағын арттыруға жаңа ұсыныстар жасап, өз пікірлерін ортаға салды.

Шара соңында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мен дамытуға қомақты үлес қосқан азаматтар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ латын әліпбиінде жазылған диктант қорытындысы бойынша үздіктер мен республикалық конкурстардың жеңімпаздары басқарманың Алғыс хаттарымен марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар