Павлодарда Lexus маркалы көліктердің айнасын ұрлап келген күдікті ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлоар облысындағы зауттардың бірінде жұмыс істейтін 30 жастағы тұрғынның жертөлесінен Lexus маркалы көліктердің 7 жұп қапталдағы айнасы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз ведомствоның баспасөз мслихатында мәосындай мәлімет берді.

«Павлодарлық полиция қызметкерлері автоұрыны ұстады. Алғашқы арыз полицияға 16 қыркүйекте түскен болатын. Lexus маркалы көліктің иесі автомобилін түнде үй ауласына қаңтарып қойған кезде қос қапталдағы айналары ұрланғанын айтқан. Бірнеше күн ішінде тағы 5 адамнан осындай арыз түскен. Күдікті ұсталды. Ол өңірдгі зауыттардың бірінде жұмыс істейтін 30 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты», - дейді ІІМ өкілі.

Оның айтуына қарағанда, күдікті негізінен Lexus маркалы көліктердің қапталдағы айналарын ұрлап отырған.

«Ұрланған айналарды үйінің жертөлесінде тығып ұстаған. Әр айнаны қандай көліктен шешіп алғанын жазып отырған. Күдіктінің өзі де Lexus маркалы көліктің иесі екенін белгілі болды. Сақшылар ұсталған адам тұрып жатқан үйдің жертөлесінен 7 жұп айна тәркіледі. Мұндай ұрлықтар күзетілмейтін орындар мен үй аулаларында жасалатынын айта кету керек. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі көлік ұрыларының құрбаны болмау үшін автомобильге дыбысты дабыл орнатып, көлікті күзетілетін тұрақтарда қалдыру керектігін, машина ішінде бағалы заттар қалдыруға болмайтынын еске салады», - деді Нұрділдә Ораз.


Соңғы жаңалықтар