Павлодарда қыз бала балконның сыртында жарты сағат ілініп тұрды

None
None
      ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында балконның сыртқы ернеуінде ілініп тұрған қыз құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім еткендей, оқиға 8 қыркүйек күні болған.

«Сағат 10.26-да Суворов көшесі, 2-үйде Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл-құтқару жасағының күшімен тоғыз қабатты тұрғын үйдің 4-інші қабатынан 2012 жылы туған қыз бала құтқарылды. Ол пәтерде ата-анасының қарауынсыз қалған», - деді Р.Иманқұлов.

Балконның сыртқы жағынан асып түсіп, төменгі қабаттағы балконның ернеуінде тұрған 6 жасар қыз туралы видео Инстаграмда жарияланды. Әлеуметтік желі қолданушыларының бірінің жазуынша, қыз жарты сағат ілініп тұрған. «Алғашқы болып полицейлер жетті. Бірі бізге қарай - жоғары шықты, ол тіпті балконға шықпақ болды. Екінші қызметкер көршілердің пәтеріне барып, баланы тыныштандыруға тырысып тұрды», - деп жазды ол.

Оқиғаға куә болғандардың сөзінше, төменде адамдар кілемді тартып тұрған. Көп ұзамай көмекке құтқарушылар да келіп жеткен.

«Жақын маңда болған адамдар құтқарушыларды шақырды. Оқиға орнында болып, көмек көрсетуге тырысқандардың барлығына алғыс білдіреміз. Ал ата-аналарға айтарымыз, мұның соңы қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Бұл ең алдымен, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілмеуінің кесірі», - деді ТЖК ресми өкілі.  

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Девочка вылезла за балкон и полчаса простояла на карнизе балкона нижнего этажа. Спасли дчс-ники. Снизу прохожие страховали натянув ковёр. 📍 Суворова 2 - От одного из подписчиков: Я находился наверху. Первым приехали на выезд полицейские, один полез к нам наверх другой в соседнюю квартиру. Сотрудник с соседней квартиры держал ее в разговоре постоянно другой чуть не начал лезть по балконам. #девочказабалконом

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

Иллюстрациялық сурет 

Соңғы жаңалықтар